Выбор редакции

Хәл үстіндегі науқасты аман алып қалды

Реаниматолог-дәрігерлер 40 жастағы науқастың өміріне араша түсті. Гиповолемиялдық шок алған бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын тұрғын қалалық №2 ауруханасына өте ауыр халде түскен. Жүрегі тоқтап қалған науқас шұғыл жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер жедел түрде реанимациялық шараларды жасағаннан кейін жүрегі қайта соға бастаған. Мамандар оған бірден жасанды демалдыру аппаратын қосқан.

«Мұндай жағдай тек кәсіби дағдыны ғана емес, психологиялық тұрақтылықты да талап етеді. Дәрігерлердің жедел әрекеттерінен кейін науқастың жағдайы тұрақталып, тиісті ем-шаралардан соң үйге шығарылды»,- дейді қалалық №2 ауруханасының дәрігер реаниматологы Жасур Мухитдинұлы.
Айта кетейік, бес күн нефрология бөлімінде емделген науқастың жағдайы қазір жақсы. Өміріне араша түскен мамандарға алғысы зор.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Последние новости