Выбор редакции

Жүйеқұраушы кәсіпорындардың жұмысшылары сақтандыру жүйесіне қосылған

Шымкент қаласында бүгінгі таңда 70-тен астам жүйеқұраушы кәсіпорын тіркелген. Ірі кәсіпорындардың жұмысшылары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қамтылған. Дегенмен жыл басынан бері 2000-ға жуық жұмыскердің түрлі себептермен медициналық сақтандыру мәртебесін жоғалтқаны мәлім болды.

Бұл туралы ӘМСҚ Шымкент филиалы қызметкерлерінің ірі кәсіпорындарды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесуі барысында айтылды. МӘМС жүйесі жұмысшылардың денсаулығын қорғауды және медициналық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жүйенің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорындардағы жұмысшылар арасында белсенді ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қор филиалының халықты ақпараттандыру және арыз-шағымдарды қарау бөлімінің мамандары бұл күндері «ҚТЖ – Жүк тасымалы» Шымкент филиалы, «SCAT әуекомпаниясы» мен «ЕвроКристалл» шыны өндіру зауыты, «ҚуатЖылуОрталығы-3»,«Залалсыздандыру орталығы», «Шымкентспецкомплекс» ЖШС сынды ірі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесіп, өзекті сұрақтарына жауап берді.
Кездесулер барысында жұмысшыларға медициналық сақтандырудың маңыздылығы мен оның артықшылықтары түсіндіріліп, жұмысшылардың сақтандыру мәртебесінің тұрақты түрде сақталуына ерекше көңіл бөлінді.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша халық саны 1 246 661 адамды құрайды. 922 206 азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. Оның ішінде 700 мыңнан астам тұрғын жеңілдік санатында. Ол азаматтар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлеуде.

Последние новости