Дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шеберлік сыныбы туа біткен ақауларды ерте кезеңде диагностикалаудың заманауи жүйесін меңгеруге бағытталды.
Ресейден арнайы шақыртылған жоғары санатты медицина мамандарының жетекшілігімен жүргізілген шеберлік сабақтарында жергілікті дәрігерлер әйелдерге жүргізілетін скрининктік тексерулердің тың әдестерін меңгерді. Олар “Voluson Expert-22” сараптамалық класс аппаратын қолдана отырып, жүктіліктің ерте кезеңіндегі ұрықтың патологиясын анықтаудағы диагностикалаудың жаңа тәсілдерін меңгерді.
Айта кетейік, Шымкент қалалық перинаталдық базасында ашылған бір күндік клиникасында жүкті әйелдерге туа біткен ахауларды дер кезінде анықтау бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі