«Тиімді шағымдар қоғамына» серпінді жобасы қолға алынған

Вторник, 27 Март 2018 11:52 Автор  Опубликовано в Закон Прочитано 33777 раз

Азаматтарға  шағымдану тәртібін түсіндіру, құқықтық сауаттылығын  арттыру, арыз-шағымдарды тікелей өкілетті органға табыстауға бағыт көрсету мақсатында облыс прокуратурасында «Тиімді шағымдар қоғамына» серпінді жобасы қолға алынды.

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 17 қазан 2016 жылдан бастап «Тиімді шағымдар қоғамына» жобасы тәжірибеге ендірілді.

Жобаның мақсаты – азаматтардың құқықтарын оларға жан-жақты түсіндіру мақсатында өтініші иелерінің заңнамамен көзделген құқықтары мен мүдделерін қорғалуына консультативтік көмек көрсетіп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің негізсіз көп сатылы қаралуына және созбалаңдыққа салынуына жол бермеу.

Жобаның тағы бір мақсаты, мемлекеттік органдармен өз құзіреттері шеңберінде азаматтардың арыз-шағымдарын заңда белгіленген мерзімде, сапалы және толық қарау жүйесін қалыптастырады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті әрбір өтініш иесін жеке қабылдап, егер оның арызын қарау әділет органның құзыретіне жатпайтын болса, шағымданушыны әрі-бері сарсаңға салмай, оған қайда шағымдану керектігі, табыстау тәртібі егжей-тегжейлі түсіндіріледі.

Әділет департаментінің құзыретінің бірі -  адвокаттардың, нотариустардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң қызметтерiнiң сапасын бақылау болып табылады.

2018 жылдың 1-ші тоқсанында Әділет департаментінде адвокаттардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) келіп түскен шағымдар-5, оның ішінде-1 шағым негізделген. Осыған байланысты 1 адвокат тәртіптік жауапкершілікке (сөгіс түрінде) тартылды.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 1-ші тоқсанында нотариустардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) қатысты 12 арыз – шағымдар түсіп, бүгінгі таңда 10 арыз қаралып, оның ішінде 3 негізді деп табылды. Осыған байланысты, Әділет департаментпен ОҚО нотариаттық палатасына 3 нотариустың жауапкершілігі қарау туралы ұсыныстар енгізілді. (1 нотариус ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2 ұсыныс қаралуда).

Департаменттің қолданыстағы «Құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың Қағидасына» мекеме басшысының құжаттарға қол қою құқықтары, оның ішінде өтініштер бойынша жауаптарға қол қою құзіретін нақтыланып, бекітілді, өтінішті қарау нәтижелері бойынша қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған өтініштерге жауап беру құзіреті енгізілді.

Сондай-ақ, ғимаратта жоба негізінде дайындалған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің әзірленген үлгілерін орналастыруға қабырғалық стенді жасалып, көрнекті жеріне ілінді.

Өтініштерді қарауға байланысты орыналып отырған түйінді мәселелер тақырыбында департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімше қызметкерлерінің қатысуымен бейнеконференция байланысы арқылы семинар кеңестер жүйелі түрде өткізіліп отырады / азаматтарға заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда, заңнамамен көзделген құқықтарын түсіндіру, азаматтардың өтініштері мен жеке қабылдау бойынша жұмыстарын жетілдіру мәселесі талқыланды/.

Азаматтардың өз өтініштері мен уәждері бойынша Әділет департаменті жанынан құрылған айына екі рет өткізілетін Қоғамдық қабылдауға келуге және алдын ала жазылуға болатыны аудан тұрғындарының назарына жеткіземіз.

 

Ағабекова Нұрсұлу Әбдіхалыққызы
ОҚО Әділет департаментінің бас маманы,
«Қазақстан заңгерлер одағы»
ОҚО филиалының мүшесі