Изучаем казахский с «Панорамой»! Избранное

Среда, 10 Апрель 2019 05:17 Автор  Опубликовано в Образования Прочитано 27823 раз

2019-04-09 10-20-56

Отбасы. – Семья.

Әке - асқар тау,
Ана - ағып жатқан бұлақ,
Бала - жағасындағы кұрақ.

Меңгерілетін сөздер
ата - дедушка
әже - бабушка
әке - отец
ана (шеше) – мама (мать)
әпке - старшая сестра
сіңілі - младшая сестра
қарындас - младшая сестра
тәте - тетя
ағатай - дядя
аға - старший брат
іні - младший брат
ұл (бала) - мальчик
қыз - девочка

 

Қажетті әріпті қойыңыз. Вставьте нужные буквы.

ана _та _арындас _же
_ні _пке а_а _ке _ л

 

Сұраққа жауап беріңіз. Ответьте на вопросы.

Сенің атың кім? Сіздің атыңыз кім?

Дүйсен Гаухар Гүлжан Өмірбек Омар

 

Мәтінді оқып, көздағдыны қалыптастыру.  Прочитайте текст.


Менiң отбасым

Менің аты-жөнім - Қасым Әбішұлы Қанатов. Менің жасым отыз үште. Менің отбасым бар. Отбасым онша үлкен емес. Отбасымда бес адам бар. Олар: мен, анам, әйелім, бір бала және бір қызым. Анам Ырыс - зейнеткер. Оның жасы алпыста. Жұбайымның аты Айгүл. Ол – отыз үште. Жұбайым республикалық «Достық» балалар орталығында бас маман болып жұмыс істейді. Ұлымның аты – Қуаныш. Ол сегіз жаста. Мектепте екінші сыныпта оқиды. Қызым Малика үш жаста. Ол балабақшаға барады. Өзім Шымкент қаласындағы әскери мектепте офицер-тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Менің отбасым өте тату тұрады. Кешке бәріміз дастархан басында көңілді отырып, ас ішеміз. Теледидар көреміз, әңгіме айтамыз. Біз туған күндерді, мереке күндерін бірге өткіземіз.

 

Жазылым жаттығулары.  Письменные упражнения.

1-тапсырма.
Мәтіннен бос орындарға тиісті сөздерді қойыңыз. Вставьте нужные слова.
Менің _______ отыз үште. Отбасым онша _____ емес.
Отбасымда ______адам бар.
Өзім Шымкент қаласындағы әскери мектепте ________болып жұмыс істеймін.
Менің ______өте тату тұрады.
Кешке бәріміз ________ басында көңілді отырып, _________ .


2-тапсырма.
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құраңыз. Составьте предложение из данных слов.
тұрамыз/Шымкент/ біз / қаласында
көремін/ Мен/ жақсы / отбасымды / өте

Ішкі істер /жұмыс /басқармасында/ істеймін
Қырық/толамын /жасқа /мен/ биыл
Менің/ тірегім/ отбасым/ сенімді

 

Берілген сөйлемдерді қазақша аударыңыз.  Переведите предложения на казахский язык.

Мой отец - учитель. Он учит детей. Мать - врач. Она работает в поликлинике. Бабушка и дедушка не работают. Они пенсионеры. Я и моя старшая сестра учимся в школе. Мы учимся хорошо.

 

Қорытынды тест.  Заключительный тест.

1. Бір әке-шешеден туған ұл-қыздарды не деп атайды?
а) жезде, әпке, жеңге;
ә) аға, әпке, карындас, сіңлі;
б) нағашы, жиен, бөле;
в) құдаша, құда бала, құдағи.
2. «Младшая сестра» сөзінің қазақ тіліндегі аудармасын көрсетіңіз.
а) аға;
ә) қарындас;
б) іні;
в)әпке.
3. «Әже» сөзіне қойылатын сұрақты табыңыз.
а) қайтіп?
ә) кімдер?
б) нелер?
в) кім?
4. Отбасы мүшелерін атаңыз.
а) әке-шеше, аға, әкпе, сіңлі;
ә) жиен, бөле, нағашы;
б) келін, көрші, таныс;
в) дос, құрбы, жолдас.
5. «Семейное счастье в детях» сөйлемінің қазақ тіліндегі аудармасын көрсетіңіз.
а) Отбасы бақыты – бала.
ә) Бақытты отбасы.
б) Қара шаңырақ.
в) Отбасы мүшесі.

Другие материалы в этой категории: « Студентам на радость Гранты – лучшим! »